01.09.2016, 10:54 3357

Н.Назарбаев: 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарын заӊнамалық қамтамасыз ету қарқынды жалғасуы керек

"Тәуелсіздіктіӊ екінші тоқсанын біздіӊ ел жаӊа күшпен қарсы алуы керек. Біз "Стратегия-2050" мақсаттарына шаршамай бағыт алып келеміз. Бізге ауқымды жұмыс атқару қажет, осы орайда Парламентке үлкен жауапкершілік артылып отыр".

Астана. 1 қыркүйек. Kazakhstan Today - 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспарын заӊнамалық қамтамасыз ету қарқынды жалғасуы керек, деді Елбасы Парламенттіӊ VI шақырылымыныӊ ашылу сәтінде.

"Құрметті депутаттар, жаӊа сессияныӊ басталуымен құттықтаймын. Жер-жерде сайлаушылармен кездесiп, халықтыӊ хал-ахуалын бiлiп, сөйлесiп, бiрталай жаӊа ой-пiкiрлер жинақтаған шығарсыздар деп мен сенемiн. Оныӊ үстiне мүмкiндiгiнше демалып, күш жинадыӊыздар. Сондықтан жұмысқа бiрге кiрiсiп, елiмiз үшiн жұмыс iстейiк", - дедi Н.Назарбаев.

Елбасы биылғы сессияныӊ қастерлi Тәуелсiздiгiмiздiӊ 25 жылдығын тойлайтын кезеӊге тұспа-тұс келiп отырғанын ерекше атап өттi.

"Қазiр әлемде аса күрделi кезеӊдердiӊ бiрiн бастан кешiрiп отыр. Шекара талғамайтын терроризм мен экстремизм дүниенiӊ барлық қиырын шарпып келедi. Мұныӊ бәрi жаһандық әлемнiӊ ажырамас бөлiгi - Қазақстанға да ықпалын тигiзбей қоймайды. Соған қарамастан бiз заманныӊ сындарлы қатерiне лайықты жауап беру үшiн зор қызметтер атқарып келе жатырмыз", - дедi Мемлекет басшысы.

"Тәуелсіздіктіӊ екінші тоқсанын біздіӊ ел жаӊа күшпен қарсы алуы керек. Біз "Стратегия-2050" мақсаттарына шаршамай бағыт алып келеміз. Бізге ауқымды жұмыс атқару қажет, осы орайда Парламентке үлкен жауапкершілік артылып отыр. Ұлт жоспарын заӊнамалық қамтамасыз ету белсенді жалғасуда. Өткен жылы біз әлемге жаӊғыртудыӊ бес институционалдық реформасын таныстырдық. Бұл 100 қадамды жүзеге асыруымыз керек. Бірқатар заӊ қабылдау қажет. Оныӊ ішінде қысқамерзім ішінде қабылдауы керек заӊдар бар. Бұл тарихи тапсырманы біздіӊ кәсіби парламент жүзеге асырады деп ойлаймын", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны