14.12.2015, 12:37 4544

Н.Назарбаев Ил-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты 39 ғалымға табыстады

Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздіӊ бір топ ғалымына ғылым мен техника саласындағы Ил-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты табыс етті

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақордада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздіӊ бір топ ғалымына ғылым мен техника саласындағы Ил-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықты табыс етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз егемендіктіӊ жылға бергісіз әр күнін ерен еӊбекпен, қажыр-қайратпен өркендеттік. Қазақстан күллі әлемге кемел келешегіне ұмтылған жасампаз ел ретінде танылды. Өтіп бара жатқан жыл тәуелсіздік жылнамасында жазылатын маӊызды оқиғаларды айшықтады. Тереӊ тарихымызды, берекелі елімізді, құқықтық тілегіміздіӊ барлығын біз ұлықтадық", - дейді Мемлекет басшысы.

Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Елбасы атап өткендей, биылғы жыл Қазақстан ғылымына айрықша серпін берген жемісті жыл болды.

"Қазіргі заманда экономика өсімін ғылым мен инновациясыз елестетуге болмайды. Сондықтан мемлекет көӊіл бөліп, қаражат бөліп, қолдау көрсетіп отырғанын көріп отырсыздар. Мемлекет ғалымдардыӊ озық тәжірибелеріне ұдайы қолдау жасап келеді", - деген Президент Ил-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықтыӊ ғылым мен техника саласындағы еӊ жоғары марапат болып саналатынын айтты.

"Оған биыл бір жеке және 6 ұжымдық ғылыми шығарма лайық деп табылып отыр. Бұл еӊбектер көмірсутегі, ғарыш және ауыл шаруашылығы, жаӊа технологиялық әдістерге жол ашты. Металлургия, физика, медицина салаларында инновациялық жаӊалықтар енгізді", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы Ил-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлықпен 39 ғалымды марапаттады.

"Қазақстан Республикасыныӊ ғарыш саласын қалыптастыру үшін ғарыш ғылымыныӊ әдістері мен технологияларын дамыту" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін, Инвестициялар және даму министрлігініӊ Аэроғарыш комитетініӊ "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" АҚ ұжымына берілді. Еӊбек мазмұнына қысқаша тоқталып өтсек: Жер қыртысыныӊ динамикасын зерттеу үшін жаӊа технологиялар ұсынылған. Төтенше жағдайларды, ауылшаруашылық өндірісін, Қазақстан өӊірлерініӊ экологиялық жағдайын ғарыштық мониторингтеудіӊ жаӊа технологиялары 2012 жылдан бастап әзірленді және ендірілді. Қазақстан Республикасыныӊ дәлдігі жоғары спутникалық навигациясы жүйесі үшін дифференциалдық станциялар жасалды және оларды өндіру ұйымдастырылғаны үшін Мемлекеттік сыйлыққа лайық деп танылған. Ал марапатқа ие болған ұжым мүшелері 8 адам.

"Илемдік технология нарығында Қазақстанныӊ мәртебесін көтерген және еліміздіӊ инновациялық дамуына елеулі үлес қосқан, алтын мен қорғасын металлургиясы облысында жасалған әзірлемелерді өндірісте іске асыру" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін, Инвестициялар және даму министрлігі "Қазақстан Республикасыныӊ минералдық шикізатты кешенді қайта өӊдеу жөніндегі ұлттық орталығы" РМК-ныӊ ұжымында, қиын өӊделетін күрделі құрамды шикізаттардан қорғасын мен алтынды бөліп алудыӊ пиро және гидрометаллургиялық технологиялары жасалған. Технологиялар капиталдық және пайдаланымдық шығындарды 2 есе азайтқан кезде алтын өндірісініӊ артуын қамтамасыз етеді. Алтынды шоғырлық сілтісіздентіру технологиясына негізделген 20 өндіріс ішінен осы технология бойынша 15-тен астамы Қазақстанда салынған. Соныӊ нәтижесінде, әлемдегі біріншілік қорғасынныӊ әрбір 10-тоннасы және Қазақстандағы алтынныӊ әрбір 3-і тоннасы авторлардыӊ жасаған инновациялық технологияларымен өндірілетін болады.

"Қазақстанда бекіре шаруашылығыныӊ ғылыми-техникалық негіздерін қалыптастыру және инфрақұрылымын жасау" тақырыбындағы жұмыстар циклі үшін, Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ "Жәӊгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті" РМК ұжымына ультрадыбыстық сканерлеуді пайдаланумен бекіре балықтарыныӊ популяцияларын сақтау және тұрақты дамыту бойынша инновациялық технологиялар әзірленді және патенттегені үшін берілген. Қара азық уылдырығын өндіру үшін 3 тәжірибелік-өндірістік учаскесі алғаш рет 2011 жылдан бері ұйымдастырылып қызмет жасалуда. Ұсынылған технология бекіре тұқымдасыныӊ жетілу мерзімін 2 есе қысқартады және жыл бойы өнімніӊ өсімін алып отыруға мүмкіндік береді.

"Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу" тақырыбындағы жұмыстар циклына "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ ұжымына Солтүстік Торғай, Ертіс маӊы, Балқаш тағы да басқа шөгінді алаптарыныӊ геодинамикалық үлгілерін жасағаны үшін берілген. Қазақстанныӊ мұнай-газды алаптарыныӊ Атласы әзірленді. Ғылыми жұмыстар 2012 жылы аяқталды. Ұсынымдар орындаудыӊ түрлі кезеӊдеріне бөлу мүмкіндігі бойынша ендірілді, сондай-ақ Геологиялық барлау жұмыстарыныӊ мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Атқарылған жұмыстардыӊ нәтижесінде Қазақстан Республикасыныӊ көмірсутегін өндіру әлеуеті 3 еседен астам артты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны