23.08.2012, 16:37 3779

Н.Назарбаев Алматы облысында Hyundai Auto Trans автоқұрастыру кәсіпорнында болды

Қазақстан Президентіне аз салмақты Хюндай жүк көлігін құрастыруға мамандандырылған автоқұрастыру кәсіпорны таныстырылды. Бұл жоба Қазақстан Президентінің 2010 жылы сәуірде Оңтүстік Кореяға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімнің арқасында жүзеге асты. Сол кезде "Астана Моторс" ҚМК ірі торапты жүк автомобильдері мен автобустарды құрастыру туралы "Hyundai Motor Co" комапиясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Астана. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға және Алматы облысына жұмыс сапары аясында "Астана Моторс" Қазақстан мотор компаниясы "Хюндай-автотранс" автоқұрастыру кәсіпорнында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Президентіне аз салмақты Хюндай жүк көлігін құрастыруға мамандандырылған автоқұрастыру кәсіпорны таныстырылды. Бұл жоба Қазақстан Президентінің 2010 жылы сәуірде Оңтүстік Кореяға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімнің арқасында жүзеге асты. Сол кезде "Астана Моторс" ҚМК ірі торапты жүк автомобильдері мен автобустарды құрастыру туралы "Hyundai Motor Co" комапиясымен өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба экономиканы шикізаттық бағыттан өндіріске бағыттаудағы Қазақстанның машина жасау саласының келешегі бар бағытының бірін дамытуға зор үлес қосуда. Жобаға тартылған инвестиция 1 миллиардтан астам теңгені құрайды.

"Астана Моторс" ҚМК президенті Нұрлан Смағұлов Мемлекет басшысына компанияның жоспарына сәйкес, 2012 жылы 1000-нан астам автомобиль шығарылатынын, оның 400-ден астамы Беларусь Республикасына, Ресей Федерациясына және Орталық Азия елдеріне экспортталатынын баяндады. 2012 жылғы тамыз айында зауыт 19-дан 28-ге дейін орындыққа арналған Hyundai County жолаушылар автобустарының сериялық өндірісіне кіріседі. Осы орайда, өндірістегі қазақстандық үлес 30 пайызға ұлғаяды. Автоқұрастыру зауыты тұрақты дамып келеді және 2013 жылға қарай жүк көтерімі 10 тонна және одан жоғары ірі тонналы техника өндірісін игеретін болады.

- Біздің жаңа астананы тұрғызатынымызға көп адам сенген жоқ, ал біз оны қысқа мерзімді тұрғыздық. Сондай-ақ біздің автомобиль құрастыратынымызға да сенген жоқ, ал біз енді тек автомобиль құрастырып қана қоймай, сондай-ақ ұшақтар құрастыруға кірістік, - деді Н. Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімесінде.

Президент кәсіпорында құрастырылған алғашқы "Хюндай-автотранс" автобусына өз қолтаңбасын қалдырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны