29.05.2014, 20:54 2767

Н.Назарбаев Алматыны ЕАЭО қаржы нарығының орталығы етуді ұсынды

"Еуразиялық экономикалық одақ негізгі екі аспектіде жұмыс істейтін болады. Атап айтар болсақ, ол ЕАЭО-ның өңірдегі ең ірі макроэкономикалық қуаттылыққа ие бола отырып Азия мен Еуропа, батыс пен шығыс арасындағы көпірге айналуы мен мүше мемлекеттердің әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына енуі, осы жолда мемлекеттердің экономикасына серпін бере отырып халықтың әлеуметтік деңгейін арттыру қажет", - деді Н.Назарбаев.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. 2025 жылдан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыны ЕАЭО қаржы нарығының орталығы етуді ұсынды, бұл туралы ол мемлекет басшыларының деңгейінде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында мәлімдеді.

"Еуразиялық экономикалық одақ негізгі екі аспектіде жұмыс істейтін болады. Атап айтар болсақ, ол ЕАЭО-ның өңірдегі ең ірі макроэкономикалық қуаттылыққа ие бола отырып Азия мен Еуропа, батыс пен шығыс арасындағы көпірге айналуы мен мүше мемлекеттердің әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына енуі, осы жолда мемлекеттердің экономикасына серпін бере отырып халықтың әлеуметтік деңгейін арттыру қажет", - деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ өзара келісім мен теңдік негізінде құрылуда.

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Алматы Еуразиялық экономикалық одақтың қаржы нарығын реттейтін ұлттық орталық болмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны