03.07.2014, 20:59 3304

Н. Назарбаев "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің құрылыс алаңында болды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана нысандарын аралау барысында "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің құрылыс алаңында болды.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана нысандарын аралау барысында "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенінің құрылыс алаңында болды.

"Қазіргі таңда құрылыс алаңдарын дайындау, жобалау-сметалық құжаттамаларды дайындау жұмыстары жүргізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Бүгінге дейін жобалау топтары жобалау сызбаларын өткізді. Шұңқырлардағы 280 мың текше метрлік грунттарды дайындау жұмыстары аяқталды. Жалпы, құрылыс алаңында 300-ден астам техника мен 700 құрылысшылар тартылды", - дейді компанияның басқарма төрағасы Талғат Ермегияев.

Кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаев құрылыс компаниялары мен мемлекеттiк органдары өкiлдерiнің көрме кешенiн салу қарқыны туралы есептерiн тыңдап, жұмыс барысын талқылауда. "Sembol", "Mabetex", "BI-Group", "Базис-А", "САЭМ", Mega Managment, Astana Innovation, Мәдениет министрлiгi, Көлiк және коммуникация министрлiгi, "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ өкiлдерi Мемлекет басшысын өз жобаларымен таныстырады.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана ЭКСПО-2017" көрмесі көрме және көрмеден тыс алаңдарда өткізіледі.

2014 жылы дайындық жұмыстары мен инженерлiк желiлер аймағын жабдықтау, Ұлттық павильон, Халықаралық павильон, Корпоративтiк павильон, үкiметтiк емес халықаралық ұйымдар мен компаниялардың, тақырыптық павильонның құрылысы басталады. Бұған қоса, тұрғын үй құрылысы, жалпы бiлiм беру мектебi, балабақша, мейманхана, Конгресс-орталық пен баспасөз орталығы, ЭКСПО мен ұйымдастырушылар кеңселерiнiң құрылысы қолға алынған.

Көрме кешенi мен нысандары бойынша жұмыстар толығымен 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны