06.04.2016, 21:09 3921

Н. Назарбаев Азербайжан мен Армения президенттерін Таулы Қарабақтағы ахуалды ушықтырмауға шақырды

Екі елдіӊ көшбасшыларымен әӊгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Таулы Қарабақ аймағында таяуда болған оқиға барысында қарапайым адамдар мен әскери қызметішлердіӊ қаза болуына байланысты көӊіл айтты

Астана. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан Президенті Изербайжан және Армения басшыларымен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі елдіӊ көшбасшыларымен әӊгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Таулы Қарабақ аймағында таяуда болған оқиға барысында қарапайым адамдар мен әскери қызметішлердіӊ қаза болуына байланысты көӊіл айтты, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті екі ел басшыларын Таулы Қарабақтағы ахуалды ушықтырмауға және бейбіт келіссөздерді халықаралық құқыққа толық сәйкестікте қайта қалпына келтіруге шақырды. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ныӊ Минск тобына айрықша рөл беріледі.

Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтыӊ бірқатар мәселелері талқыланды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны