05.06.2014, 20:04 3093

Н.Назарбаев Изербайжан Республикасының Президенті И. Илиевпен кездесті

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Илиев сауда-экономика, мұнай-газ және көлік-логистика салаларындағы қарым-қатынасты күшейту перспективаларына тоқталды. Бұл ретте тараптар экономикалық әлеуетті жүзеге асыру мақсатында өзара сауда көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Изербайжан Республикасының Президенті Ильхам Илиевпен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ильхам Илиев сауда-экономика, мұнай-газ және көлік-логистика салаларындағы қарым-қатынасты күшейту перспективаларына тоқталды. Бұл ретте тараптар экономикалық әлеуетті жүзеге асыру мақсатында өзара сауда көлемін ұлғайтудың маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек, екі ел көшбасшылары халықаралық және өңірлік ұйымдар, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара іс-қимыл барысын қарастырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны