22.05.2015, 12:45 4515

Н.Назарбаев біріккен Еуразиялық экономикалық кеӊістік құруды ұсынды

Мен Бірікке Еуразиялық экономикалық кеӊістік құруды ұсынамын, онда қатысушылардыӊ ұлттық көзқарастары ескерілетін болады, деді Астана экономикалық форумы барысындағы жалпы отырысында

Астана. 22 Мамыр. Kazakhstan Today - Мен Бірікке Еуразиялық экономикалық кеӊістік құруды ұсынамын, онда қатысушылардыӊ ұлттық көзқарастары ескерілетін болады, деді Астана экономикалық форумы барысындағы жалпы отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Еуразиялық экономикалық одақпен еркін сауда жүргізуге 40 ел қызығушылық танытты. Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақ арасында келісім жүргізу өте тиімді болар еді. Біз оған да жетеміз деп ойлаймын, себебі ол өзара тиімді. Біз осы жода тоқтамауымыз керек, мен жоғарғы жеделді мультимодальді "Еуразиялық трансконтинентальді дәліз" көліктік бағытын ашуды ұсынамын. Ол біздіӊ барлық шекарамыз арқылы өтіп, Азия мен Еуропаны кедергісіз біріктіреді", - деді Н.Назарбаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Президент атап өткендей, бұл жол өткен елдердіӊ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеін болады. "Транспорттық артерия барлық елдіӊ өндірісін дамытуға серпін береді. Көлік саласындағы бірлескен бастамалар ынтымақтастықтыӊ мықты іргетасы. Ол елдердіӊ тереӊ интеграциясына жол ашпақ, сондай-ақ, өӊірлік бірігуге әкеледі. Мен біріккен Еуразиялық экономикалық кеӊістік құруды ұсынамын", - деді Н.Назарбаев.

Елбасыныӊ айтуынша, бірыӊғай тәртіп қабылдау маӊызды, ол барлық қатысушылардыӊ ұлттық қызығушылықтарына жауап беруі тиіс, сондай-ақ, ол кедергілерді жоюға және өзара тиімді интеграцияны ұсынуы тиіс. " Тәртіптер еӊ біріншіден, сауда, тасымалдау, ресурстардыӊ қозғалысына байланысты болуы керек. Жібек жолы экономикалық белдеудіӊ ашылуы бұл бастаманы бекітеді. Бірікке Еуразиялық кеӊістік аясында мүшелер арасында интеграцияны көтеру және континенттіӊ дамуы мен бағыты туралы мәселелерді талқылау үшін алаӊ құрылуы керек. Астана экономикалық форумы бұл жобаға қажетті алаӊға айнала алады", - деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны