03.07.2014, 20:45 3603

Н. Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

Н. Назарбаев "Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Сот төрелігі секторын институционалдық нығайту жобасы) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Елбасы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстония Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Н. Назарбаев "Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны