18.04.2014, 19:50 17247

Н. Назарбаев: Бірлігіміз - 2050 стратегиясын жүзеге асырудың негізгі факторы

Бірлігіміз - 2050 стратегиясын жүзеге асырудың негізгі факторы . Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

Алматы. 18 сәуір. Kazakhstan today. Бірлігіміз - 2050 стратегиясын жүзеге асырудың негізгі факторы . Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

"Тәуелсіздігіміздің бірінші күнінен бастап ауылдар мен аудандарда мың шақты кездесулер өтті. Біздің халқымыздың бірлігі бір алаңда бас қосқан. Оның мәні әркім үшін түсінікті және айқын. Ол адамзаттық қарапайым сұраныстар, отбасыдағы жетістік, балалардың оқуы, баспана, қауіпсіздік. Біздің қоғамда ешқандай этникалық қажеттіліктер жоқ, барлығы заң алдында бірдей құқылы. Барлық қазақстандық бір елдің баласы, бір елдің шаңырағында отыр. Біз экономикамызды жақсартып, өзімізді көркейтуге қызмет етудеміз", - деді Н. Назарбаев.

"Бізде барлығымызда бір мақсат, ол барлық қазақстандықтардың тыныштығы. Барлығының мүддесі бір - ол мемлекеттің гүлденуі өсуі, өркендеуі. Мен Елбасы болған кезде қалыптасқан экономика мен ұлттық құндылығымыз біздің қуанышымыз, мақтанышымыз", - деді ол.

"Тұрақтылық пен келісімді сақтау - әрбір әкімнің, әрбі басшының, әрбір азаматтың күнделікті жұмысы. Ассамблея әрдайым уақыттан қалыспай, тәуелсіздігіміз тарихының, тағдырының шешуші сәттерінде оның қолдауы өзекті болды. Мен бірлік пен ынтымақтастық басты құндылықтар екендігін айтудан ешқашан жалықпаймын. Осының арқасында біз экономиканы көтеріп, азаматтардың әл-ауқатын нығайтық, әрі жастарға ел болашағын көрсеттік. Біз 2030 жылға дейінгі стратегияның мерзімінен бұрын орындалуына қол жеткіздік. Бүгінгі күні бірлігіміз - жаңа 2050 стратегиясын іске асырудың негізгі факторы. Ең дамыған 30 елдің қатарына кіру - бұл барша қазақстандықтардың басты мақсаты, ортақ тағдыры", - деді Н.Назарбаев.

Айта кетейік, Астана қаласында Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен "Қазақстан - 2050" стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті" күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны