05.02.2014, 21:26 5398

Н.Назарбаев дипмиссия басшыларын БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдауға шақырды

Мемлекет басшысы республикамыз БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүшелігіне сайлау науқанын ресми түрде бастағанын еске салды. Осыған орай, Нұрсұлтан Назарбаев өкілдері қатысып отырған елдердің үкіметтеріне Қазақстанның кандидатурасына қолдауға шақырған үндеу тастады.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның өзге елдермен әріптестік алаңының кеңейгенін хабарлады. Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

" Өткен жылдың өзінде ғана елімізге Ресей, ҚХР, Еуропалық комиссия, Ұлыбритания, Индонезия, Испания, Беларусь, Қырғызстан, Түрікменстан, Финляндия, Латвия көшбасшылары келді. Каспий маңы елдерімен бірлескен жұмысымыздың басым бағыттарының бірі - Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау. Қазақстан Дағдарысқа қарсы дүниежүзілік конференция ұйымдастырды. Ол БҰҰ-дан қолдау тауып, Астана экономикалық форумы аясында өтті. Маңызды міндет - Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен, көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен, АҚШ және Еуропа Одағы елдерімен достық пен ынтымақтастықты дамыту. Қазақстан Батыс жартышардағы мемлекеттермен, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африкамен ынтымақтастық аясын кеңейтті. Въетнам мен Оңтүстік-Африка Республикасында Қазақстан елшіліктері ашылды. Биыл Эфиопияда, Мексика мен Кувейтте елшіліктеріміз ашылатын болады", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы республикамыз БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдар аралығындағы тұрақты емес мүшелігіне сайлау науқанын ресми түрде бастағанын еске салды. Осыған орай, Нұрсұлтан Назарбаев өкілдері қатысып отырған елдердің үкіметтеріне Қазақстанның кандидатурасына қолдауға шақырған үндеу тастады.

Сөз соңында Елбасы патриоттық өнердің ең жоғарғы дәрежесі болғанын және солай қала беретінін мәлімдеді.

"Барлық елшілерге, дипломатиялық миссия өкілдеріне және халықаралық ұйым өкілдіктеріне Қазақстан Республикасындағы игілікті қызметтері үшін алғыс білдіремін. Өз тарапымыздан сіздердің қызметтеріңізге барынша қолайлы жағдай жасауға тырысамыз", - деді Н.Назарбаев.

Өз кезегінде дипломатиялық корпус жүйені, Қазақстан республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті елшісі М. Бочарников Қазақстан Президентінің халықаралық ұйым өкілдері мен дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуін жоғары бағалайтынын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны