18.11.2015, 14:44 3819

Н.Назарбаев дәулетті қазақстандықтарды кірісті жалпы декларациялауға дейін жария етуге қатысуға шақырды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық компанияларды және ірі бизнесмендерді кірісті жалпы декларациялауды енгізгенге дейін жекешелендіру және жария ету үдерістеріне қатысуға шақырды

Астана. 17 қараша. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық компанияларды және ірі бизнесмендерді кірісті жалпы декларациялауды енгізгенге дейін жекешелендіру және жария ету үдерістеріне қатысуға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жекешелендіру және жария ету - бизнесмендер мен бай адамдардыӊ жаӊа саӊлақтарыныӊ даму жолы. Осыған орай мен журналдарда өздерін бай ретінде көрсетіп жүрген біздіӊ дәулетті адамдарға үндеу арнаймын. Осы жылдар ішінде мемлекет сіздерге осындай дәулетті болуға мүмкіндік берді. Сондықтан да мен оларды еӊ біріншіден, жария етуге, екіншіден ірі нысандарды жекешелендіруге қатысуға шақырамын. Біз үшін жекешелендіруге қазақстандық компаниялардыӊ қатысуы өте маӊызды", - деді ҚР Президенті бүгін Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында сөйлеген сөзінде, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ол жүргізіліп жатқан мүлік пен ақшаны жария ету - бұл жалпы декларация алдындағы соӊғы шара болып табылатынын баса айтты.

"Мен ескерткенмін, тағы да бір айтқым келеді: Осы жария етуден кейін біз бүкіл әлемнен салықтан жасырылған ақшаны іздеуді бастаймыз", - деді Н.Назарбаев.

"Барлық шоттар ашылады, ешқандай оффшорлар болмайды", - деп ескертті Мемлекет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны