02.07.2015, 08:36 3149

Н.Назарбаев: "ЭКСПО-2017" ҰК басшысына қатысты жағдай мен үшін өте қиын болды

Мемлекеттік қызмет сеніп тапсырылған азаматтардыӊ өзі отырған бұтаққа балта шауып, өмірлерін құрдымға жіберетіндігі өкінішті. "Хабар" арнасындағы "Назарбаевпен еӊ бастылар жайлы..." атты деректі сұхбатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді

Астана. 02 Шілде. Kazakhstan Today - Мемлекеттік қызмет сеніп тапсырылған азаматтардыӊ өзі отырған бұтаққа балта шауып, өмірлерін құрдымға жіберетіндігі өкінішті. "Хабар" арнасындағы "Назарбаевпен еӊ бастылар жайлы..." атты деректі сұхбатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Міне, "ЭКСПО-2017" компаниясыныӊ басшысын орнынан түсірдік. Бұл мен үшін өте қиын жайт болды. Барлығы да ЭКСПО-ны жіті бақылап отыр. Мен оны шақырып алып: "Мен саған мұны тапсырамын әрі, оны өзім жіті бақылауға аламын! Дұрыс қара, қаржы мемлекеттікі, біз Ұлттық қордан қаржы жұмсап жатырмыз", дедім. Оны барлығы, Есеп комитеті, Қаржы полициясы, арнайы құрылған комиссия әрбір тиынды жіті бақылап отыр", - деді Елбасы, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осы ретте Мемлекет басшысы көрші Қытай елінде қолға алынған жемқорлықпен күрес мәселесіне назар аудартты.

"Си Цзиньпин төраға болып келгеннен бері 100 мыӊ шенеунік түрмеге қамалды. Ирине, бізге қарағанда халқы көп. Бірақ, пайызға шаққанда бізбен пара-пар. Сондықтан, ақылға келгендері дұрыс, келмесе мәжбүрлейтін боламыз. Өсуге мүмкіндік берген, жылдар бойы тәрбиелеген, күш-жігеріӊді жұмсаған, мемлекет қаржысын сеніп тапсырғандардыӊ өзі отырған бұтаққа балта шауып, өз өмірлерін құрдымға жіберетіндігі өкінішті", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны