22.12.2014, 10:31 3742

Н.Назарбаев: Еуразиялық экономикалық одаққа сын-қатер төніп тұр

Еуразиялық экономикалық одаққа үлкен сын- қатер төніп тұр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жетекші қазақстандық БАҚ өкілдерімен сұхбаты барысында мәлім етті.

Астана. 22 желтоқсан. Kazakhstan Today - Еуразиялық экономикалық одаққа үлкен сын- қатер төніп тұр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жетекші қазақстандық БАҚ өкілдерімен сұхбаты барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Өткен жылдыӊ тарихына жазылып жатса да, қарбаласта кейбір оқиғалар ұмытылып жатқандай күй кешесіӊ. Бәрібір маӊызды оқиғалар орын алды. Астанада біз Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімшартқа қол қойдық. Бұл идеяны 20 жыл бұрын Мәскеу мемлекеттік университетінде айтқан болатынмын. Шынын айтайын, дағдарысқа байланысты бүгінде одақ үлкен қауіп-қатерлерге ұшырап отыр", - деді Елбасы, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Мемлекет Басшысы, одақтыӊ құрылуы - Кеӊес үкіметіне қайтып оралу емес екенін тағы қадап айтты.

"Тәуелсіздігімізден айырылып, жаӊа Кеӊес одағы құрылып жатыр деген сөздер айтылды, айтыла да береді. Бос сандырақ. Кеӊес одағын құрғысы келетіндерде тіпті, ми жоқ. Біз бұдан баяғыда-ақ кеткенбіз, қайтіп оралу мүмкін емес. Ол кезде ортақ Маркс-Ленин идеологиясы болды. Ол келмеске кетті. Уысында ұстаған коммунистік партия болды, оныӊ да ғұмыры тарих қойнауында. Бірыӊғай экономикалық "ағза" болды, енді ол жоқ. Жаӊа буын өсіп шықты содан бері. Көшедегі оқушыдан қазір сұраӊыз, Маркс деген кім, Ленин деген кім деп. Оны сұрап та керек емес, себебі тіпті жаӊа буын қалыптасып үлгерді", - деді Президент.

Елбасыныӊ айтуынша, ЕАЭО елдері арасында тауар айналымы 40 пайызға өскен.

"Қазіргі жағдайларға байланысты оныӊ деӊгейі түсетіні анық. Себебі, барша әлемніӊ экономикасы түсуде. Ақша жағынан қысылтаяӊ көруде. Бірақ тауар алмасу және бірлескен кәсіпорындар құру жағынан біз оӊ көрсеткіштер көріп отырғанымыз анық. Себебі, шекара ашық, адамдардыӊ барыс-келісі көбейеді, пойыздар мен жүктер ешбір тексерусіз өтуде. Яғни, кеӊістігіміз үш мемлекетке кеӊейді. Экономика қалпына келеді және біздіӊ игілігімізге жұмыс жасайды", - деді Н.Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны