17.12.2012, 14:20 3342

Н.Назарбаев халықаралық терминдерді қазақ тіліне жаппай аударумен әуестенбеуге шақырды

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.И.Назарбаев "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында лингвистерді бүкіл әлемге түсінікті халықаралық сөздерді қазақ тіліне жаппай аударумен әуестенбеуге шақырды, деп жазады REGNUM.

Астана. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - Н.Назарбаев халықаралық терминдерді қазақ тіліне жаппай аударумен әуестенбеуге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.И.Назарбаев "Қазақстан-2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауында лингвистерді бүкіл әлемге түсінікті халықаралық сөздерді қазақ тіліне жаппай аударумен әуестенбеуге шақырды, деп жазады REGNUM.

"Терминологияда біраз мәселелер бар, мәселен, көптеген елдерде қалыптасқан "музей", "архив" деген ежелгі грек сөздерін "мұражай", "мұрағат", деп, "композиторды" "сазгер" деп, "пианиноны" "күйсандық деп аударып жүрміз, ал бұлар интернационалдық сөздер", деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, егер қазіргі ғылыми термоинологияның негізін латын сөздері құраса, қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында ағылшын тілі әлемнің барлық халықтарының тіліне еніп келеді, біз де бұл процестерден қалып қоймауымыз қажет, деген пікірін білдірді.

"Кез келген тіл басқа тілдермен өзара әрекеттесу арқылы дамып, байи түсетінін түсінуіміз қажет", - деп атап көрсетті Ұлт көшбасшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны