14.03.2012, 11:49 3297

Н.Назарбаев ХКБ сараптау комиссиясының делегациясын қабылдады

"Бүгінде біз 2017 жылы көрмені өткізуге үміткер ретінде біздің еліміз өз мүмкіндігін көрсетіп отырғанына қуаныштымыз. Біз комиссияның оң шешімі болған жағдайда, "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу үшін дайындық жасау туралы шешімге келіп отырмыз. Оны ұлттық жоба ретінде санайтын боламыз. Біздің елімізге келгін осы күндерде сіздер әртүрлі құрылымдардың өкілдерімен кездесіп, Астананың әлеуетін зерттеу мүмкіндігіне ие болдыңыздар", - деді Президент.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық көрмелер бюросының сарапшылар комиссиясын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Делегация құрамына Халықаралық көрмелер бюросы сарапшылар комиссиясының төрағасы Стин Кристенсен, ұйымның президенті Фердинанд Наги, Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Гонсалес Лоссерталес, Испанияның Франциядағы Елшілігінің экономикалық және коммерциялық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Сантьяго Мендиороз Эшеверриа, Доминикан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Лаура Факсас, Сан-Марино Туризм министрлігінің халықаралық қатынастар жөніндегі маманы Мауро Майани, Жанонияның Экономика, сауда және өнеркәсіп министрлігінің халықаралық көрмелерге жәрдемдесу департаментінің директоры Ясуши Ивата енген.

Кездесу барысында тараптар Астанада "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандандырылған көрмені өткізу мүмкіндігін қарастырды.

"Бүгінде біз 2017 жылы көрмені өткізуге үміткер ретінде біздің еліміз өз мүмкіндігін көрсетіп отырғанына қуаныштымыз. Біз комиссияның оң шешімі болған жағдайда, "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу үшін дайындық жасау туралы шешімге келіп отырмыз. Оны ұлттық жоба ретінде санайтын боламыз. Біздің елімізге келгін осы күндерде сіздер әртүрлі құрылымдардың өкілдерімен кездесіп, Астананың әлеуетін зерттеу мүмкіндігіне ие болдыңыздар", - деді Президент.

"Біздің делегацияны Қазақстанға келіп қайтуға шақыруларыңыз еліңіздің өздеріңізде "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу идеясына қаншалықты шындап кіріскенін көрсетеді. Біздің комиссия министрлермен, Парламент, Сенат және ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. Бізді бұл жобаға саяси және қаржылық қолдау көрсетілетініне сендірді", - деп атап өтті Стин Кристенсен.

БАҚ-қа арналған брифинг барысында Халықаралық көрмелер бюросы сарапшылар комиссиясының төрағасы Қазақстан мен Бельгияның, біздің негізгі бәсекелесімізбен, көрмені өткізуге мүмкіндігі тең екенін мәлімдеді.

"Сарапшылар комиссиясының міндеті екі жобаны салыстыру емес, Қазақстанның сұранымы Халықаралық көрмелер бюросы ұсынған техникалық талаптарға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау", - деді Стин Кристенсен.

Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Париж конвенциясының халықаралық әлемдік көрмелер және оларды ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді шешу туралы ережесінің орындалуына бақылау жасау мақсатында 1928 жылы құрылған. Қазіргі уақытта бұл халықаралық ұйымға 160 ел мүше болып енген. Ұйымның штаб-пәтері Парижде орналасқан.

2010 жылғы 1 шілдеде ХКБ Бас ассамблеясы өтіп, онда Астанада "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге құқығына Қазақстанның сұранымы алғаш рет ресми түрде айтылды. 2011 жылғы 14 маусымда Париж қаласында ХКБ Бас ассамблеясының 149-сессиясының барысында "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандандандырылған көрмесін өткізу құқығына Қазақстан Республикасының алғашқы ресми тұсаукесері болып өтті.

"ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу құқығына ие қалалар байқауының жеңімпазы 2012 жылғы желтоқсанда ХКБ Бас ассамблеясының кезекті сессиясында анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны