25.12.2014, 18:55 3733

Н.Назарбаев Индустрияландырудыӊ алғашқы бес жылдығын қорытындылады

Бүгін Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасыныӊ алғашқы бес жылдығын қысқаша қорытындылап өтті.

Астана. 25 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Жалпыұлттық телекөпір барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасыныӊ алғашқы бес жылдығын қысқаша қорытындылап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Жоқтан басталған индустриялық-ииновациялық сектор үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Біз ашқан кәсіпорындар мемлекет бюджетіне трлн теӊге болып қайтып жатыр. "Парыз" конкурысыныӊ қатысушыларын ғана алып қарасақ, 150 млрд теӊгеніӊ 440 әлеуметтік жобасын іске қосқан. "Алтын сапа" жүлдесіне қатысушы компаниялар саны алты есеге артқан. Біріншіден, біз өӊірлеріміздіӊ құрылымын өзгерту бойынша алғашқы қадамдарды жасадық. Иртараптандыру сөзбен емес, іспен жасалып жатыр", - деді Президент, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы атап өткендей, соӊғы жылдары Қазақстанда бұрын өндірілмеген өнімдер шығару мықтап қолға алынған. Соӊғы бес жыл ішінде Қазақстан экономикасына салынған шетелдік инвестицияныӊ 70 пайызы өӊдеуші секторға салынған. Шамамен 75 мыӊ жұмыс орны ашылып, 770 кәсіпорын іске қосылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны