12.06.2014, 21:43 2857

Н.Назарбаев инвестициялық ахуалды жақсарту туралы заңға қол қойды

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңына қол қойды.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заңына қол қойды.

Шараға қол қою рәсімі ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 27-ші отырысы барысында өтті.

Заң жобасы инвесторлармен жасалатын инвестициялық келісімшарттардың тетігі мен шарттарын қайта қарау, инвестициялық преференцияларды кеңейту, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсартуды көздейді.

Жасалатын келісімшарттар шеңберінде инвесторларды мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары енгізіліп отыр: 10 жылға корпоративтік табыс салығы және жер салығы, 8 жылға жылжымайтын мүлік салығын төлеуден босату, нысанда пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет тарапынан инвесторлардың күрделі шығындарын 30%-ға дейін өтеу (инвестициялық субсидиялар). Инвесторлармен келісімшарт жасасқан сәттен бастап 10 жылдық мерзімге салық ставкаларының, экологиялық төлемдер мен алымдардың "тұрақтылығын" енгізу көзделген. Бұған қоса, жасалған келісімшарттар шеңберінде инвесторларға инвестициялық жоба құрылысының барлық мерзімінде және объектіні пайдалануға енгізілгеннен кейін бір жыл бойы квотасыз және рұқсатсыз шетелдік жұмыс күшін тарту құқығы ұсынылады.

Аталған заң инвестициялық ахуалды жақсартуға мүмкіндік беріп, елдің экономикасына шетелдік және отандық инвестициялар тартуды қамтамасыз етеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны