04.06.2015, 13:58 3707

Н.Назарбаев инвесторларды аграрлық секторды қаржыландыруға шақырды

ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 28-отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев инвесторларды ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруға шақырды

Астана. 04 Маусым. Kazakhstan Today - ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 28-отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев инвесторларды ауыл шаруашылығы саласын қаржыландыруға шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мен барлық әлеуеттi инвесторларды Қазақстанға инвестиция тартуға, оныӊ iшiнде аграрлық секторға қаржы тарту мүмкiндiгiмен жете танысуға шақырамын. Бүгiн маған бiрнеше компанияныӊ басшысы жоғары халықаралық талаптарға сай келетiн сиыр етi өндiрiсiн құру бойынша ұсыныстар жасады. Мен ұсынысты қолдап, үкiметке осы компаниялармен келiссөздер өткiзудi тапсырдым", - дейдi Н.Назарбаев, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

"Барлық инвесторларды агроөндiрiстi қаржыландыруға шақырамын. Бұл бәрiмiзге пайдалы болатынына сенiмдiмiн", - дейдi Мемлекет басшысы.

Айта кетейiк, Астанада ҚР Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 28-ші отырысы өтiп жатыр. Кезекті отырыстыӊ негізгі тақырыбы - Қазақстанда агробизнесті дамыту мәселелері. Іс-шараға халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардыӊ басшылары жиналды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны