25.04.2014, 19:42 8302

Н. Назарбаев инвесторларды тартудың әкімшілік кедергілерін алуды тапсырды

Бізде шетелдік компаниялар ғимаратының жетіспеушілігі жоқ. Инвесторларға қызмет көрсету орталығы, арнайы экономикалық аймақ құрылды. Алайда инвесторларды тарту көрсеткіші әлі де жеткіліксіз. Біздің елге қаражат құюға мүдделі көптеген инвесторлар бар болғанымен, оларың алдынан кесе көлденең шығатын кедергілер де жоқ емес.

Алматы. 25 сәуір. Kazakhstan today. Елорданы одан әрі дамытуға арналған отырыста Н. Назарбаев инвесторларды тартудың әкімшілік кедергілерін алуды тапсырды.

"Барлық қорытындылар үлкен жұмыстың атқарылғанын көрсетеді. Басты тәжірибелік жұмыс әкімдік қарамағында. Мемлекеттік бюджетке түсу көлемі соңғы бесжылдықта екі есеге көбейді. Яғни, 60 млрд теңгеге жетті. Өнім көлемі бойынша, активтердің құны бойынша Астана елордаға салған шығынды өтеді. Құрылыс - барлық елдің активтері. Біз байлықты Қазақстанның бір қаласына енгізсек, ол одан әрі дами түседі", - деді Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, шетелдік инвестицияның жалпы көлемі бар болғаны 0,2% құрайы.

"Бізде шетелдік компаниялар ғимаратының жетіспеушілігі жоқ. Инвесторларға қызмет көрсету орталығы, арнайы экономикалық аймақ құрылды. Алайда инвесторларды тарту көрсеткіші әлі де жеткіліксіз. Біздің елге қаражат құюға мүдделі көптеген инвесторлар бар болғанымен, оларың алдынан кесе көлденең шығатын кедергілер де жоқ емес. Қиындықтың бәрі жер телімін беруден, жобаны растаудан және рұқсат беруден басталады. Бұл мәселені шешу үшін тек әкімдіктерге ғана емес Үкіметке де (Исет Исекешев) тапсырма жүктеймін. Бұл тұрғыда Астана басты назарда болуы керек. Икімдікпен біріге отырып қалаға молынан инвестиция тарту мәселесін пысықталуы керек", - деді Мемлекет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны