20.02.2014, 19:20 9898

Н. Назарбаев Израиль экс-Премьер-Министрі Эхуд Баракпен кездесті

Э.Барак денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, индустриялық-инновациялық даму салаларындағы ынтымақтастық үшін перспективалар барын атап өтіп, оның аясын бұдан әрі кеңейтуге үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Израиль экс-Премьер-Министрі Эхуд Баракпен кездесті.

Ақордадан хабарлағандай, кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастар үнемі жоғары деңгейде келе жатқанын және Қазақстан экономиканы, саясатты, инвестицияны қамтитын түрлі салалардағы өзара ықпалдастықты нығайтуға әрдайым мүдделілік танытқанын айтты.

Өз кезегінде Э.Барак денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, индустриялық-инновациялық даму салаларындағы ынтымақтастық үшін перспективалар барын атап өтіп, оның аясын бұдан әрі кеңейтуге үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны