18.02.2014, 19:39 4521

Н. Назарбаев "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" РҚБ Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті

Мемлекет басшысы біздің елімізде соғыс және еңбек ардагерлеріне қажетті көмек тұрақты түрде көрсетіліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілетінін, өзге де әлеуметтік қолдаулар жасалатынын атап өтті.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan today. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаевпен кездесті.

Ақордадан хабарлағандай, кездесу барысында Ө.Озғанбаев қоғамдық бірлестіктің қызметі мен алдағы кезеңдегі жұмыс жоспарлары туралы хабардар етті.

Мемлекет басшысы біздің елімізде соғыс және еңбек ардагерлеріне қажетті көмек тұрақты түрде көрсетіліп, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі шешілетінін, өзге де әлеуметтік қолдаулар жасалатынын атап өтті.

Ө.Озғанбаев елімізде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын атап өтуге дайындық жүргізіліп жатқанын хабарлады және қазіргі уақытта Қазақстанда 6 мыңнан астам соғыс ардагері, 220 мың тыл еңбеккері тұратынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны