15.12.2015, 17:57 28332

Н.Назарбаев: Қазақстандықтар бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүруде

Біз қазақстандықтар бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүрудеміз, деп хабарлады Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада

Астана. 15 желтоқсан. Kazakhstan Today - Біз қазақстандықтар бейбітшілік пен қауіпсіздікте өмір сүрудеміз, деп хабарлады Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Тәуелсіз Қазақстан - біздіӊ үлкен отбасымыз, ортақ үйіміз. Құрметті қазақстандықтар, 21 ғасыр адамзатқа жаӊашылдықтарды ашты, әлемдік экономиканыӊ өзгеруі, саясат, ақпараттық әлеуметтік кеӊістік, әлем архитектурасында айтарлықтай өзгерістер болуда. Илемде тұрақсыздық дау-дамайлардыӊ ортасында 1,2 млрд адам күн кешіп жатыр. Күн сайын 42 мыӊ адам қауіпсіздік үшін өз баспаналарынан кетуде. 13 мыӊнан астам лаӊкестік актілері 33 мыӊ адамныӊ өмірін жалмады. 100 млн адам басына баспана таба алмай отыр, 300 млн адам жұмыссыз болса, 1 млрд адам ашаршылықтыӊ зардабын тартуда", - деді ҚР Президенті, деп хабарлайды www.strategy2050.kz тілшісі.

"Біз бұл туралы есте сақтап, барымызды бағалауымыз қажет, біз қазақстандық бейбітшілік пен тұрақтылықта, келісімде күн кешудеміз. Бірге гүлденген, дамыған ел құрудамыз", - деп толықтырды Елбасы.

Президенттіӊ айтуынша, Қазақстан экономикалық өсімніӊ жағымды тенденциясын сақтай алды.

"Біз мемлекеттік интустриалды-инновациялық даму, "Нұрлы жол" бағдарламаларын жүзеге асырудамыз. 2015 жылы 800 млрд теӊгеге жаӊа кәсіпорындар ашылды, мыӊдаған жұмыс орындары құрылды, көптеген пәтерлер пайдалануға берілді", - деп атап өтті ҚР Президенті.

Елбасы еске салып өткендей, Қазақстан ДСҰ-ға енді, Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істей бастады, ағымдағы жылы біздіӊ еліміз әлемніӊ жетекші экспорттаушыларыныӊ үздік 50-не енді, онда ол 43 орынға табан тіреген болатын.

Сонымен қатар Қазақстан БҰҰ-ныӊ адамзат дамуыныӊ индексі рейтингінде 14 сатыға көтерілді.

Естеріӊізге сала кетейік, 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған "Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Конституциялық Заӊынан бастау алған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны