19.05.2014, 19:41 3416

Н. Назарбаев ҚХР-ға мемлекеттік сапармен келді

Сапар барысында Қазақстан Президенті Шанхай қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытайлық компаниялар басшыларымен кездесу өткізеді.

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назаррбаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен келді, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Қазақстан Президенті Шанхай қаласында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездеседі. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар қытайлық компаниялар басшыларымен кездесу өткізеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV Саммитіне қатысады, онда тұрақтылықты нығайту және өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланбақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны