20.01.2016, 20:01 5822

Н.Назарбаев: Мәжілістіӊ кезектен тыс сайлауы 2016 жылдыӊ 20 наурызында өтед

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінде мерзімінен бұрын сайлау өткізу бойынша кеӊес өткізді

Астана. 20 қаӊтар. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінде мерзімінен бұрын сайлау өткізу бойынша кеӊес өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кеӊеске Премьер-Министр К.Мәсімов, Президент Икімшілігініӊ жетекшісі Н.Нығматулин, Конституциялық кеӊес төрағасы И.Рогов, Бас Прокурор А. Дауылбаев және басқалары қатысты, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Шара барысында Елбасы депутаттардыӊ Мәжіліс пен барлық деӊгейлі мәслихаттыӊ мерзмінен бұрын сайлауын өткізу бастамасы жайында Қазақстан халқына Үндеуін жариялады.

Қазақстан Президенті депутаттардыӊ Мәжілістіӊ мерзімінен бұрын сайлауын өткізу бастамасы жан-жақты қаралып, талқыланғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев жаӊа жағдайда шикізаттыӊ арзан бағасымен өмір сүруге үйрену керектігін айтты, индустрияландыру мен шағын және орта бизнесті дамытуды жалғастыруды тілге тиек етті.

"Осынау күрделі кезеӊде жұмыс орындарын сақтау, ресурстарды үнемдеуге бейімделу керек. Үкімет пен Парламент аталмыш жағдайда бірлесіп жұмыс істеуде, жедел шаралар қабылдауға дайын. Біздіӊ халыққа ұйымшылдық танытып, кез келген сынға төтеп беруге дайын болу керек. Бұл жаһандық үрдіс, кінәлі адамды іздеудіӊ қажеті жоқ. Сондықтан да біз бірігіп, бір-бірімізге көмек көрсетуіміз қажет", - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті қазіргі қоғам әрт түрлі сынаққа жауап беруге дайын екенін айтты.

"Біз ширек ғасырға ұласқан Тәуелсіздік жолын кешіп өттік.Біз бірыӊғай ұлтқа айналып, адал еӊбекпен барлық әлем кеӊістігінде қажетті орынымызға ие болдық. Мерзімінен бұрын сайлауды барлық деӊгейлі мәслихат сайлауымен бірге өткізу қаржы ресурстарын үнемдейді. Барлық депутаттарға елдіӊ қамын ойлап, тарихи жауапкершілікке ие болғандары үшін алғыс айтамын", - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы елдіӊ Конституциясына сәйкес, Парламент палаталарыныӊ төрағалары, Премьер-Министр, Конституциялық кеӊес төрағасымен консультациялар өткізіліп аталмыш шешімді қолдау қабылданды.

"Биліктіӊ өкілдік тармағыныӊ жаӊаруы халық пен елдіӊ қызығушылығында екеніне көзім жетті. Саяси партиялар білікті, іскер, адал үміткерлерді ұсынулары керек. Бүгін мен Мәжілістіӊ бесінші шақырылымыныӊ қызметін тоқтату Жарлығына қол қойдым. Мәжіліс сайлауы 2016 жылдыӊ 20 наурызында өтеді.

Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтарға, қоғамдағы әлеуметтік топтарға аталмыш шешімге қолдау көрсетуге шақырды.

"Барша қазақстандықтарды елдіӊ болашағы үшін бірлік пен ұйымшылдығымызды көрсетіп аталмыш сайлауға қатысуға шақырамын. Конституция гаранты ретінде мен Орталық сайлау комиссиясы мен барлық құзыретті мемлекеттік органдарға сайлаудыӊ заӊдылығын, ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны