12.09.2016, 13:51 3613

Н.Назарбаев: "Нағыз мұсылман - ел-жұртқа, қоғамға, Отанына көмектесетін, барлық дінді бірдей көретін адам"

"Илемдегі әрбір дін бізді ынтымаққа, ізгілікке, бір-бірімізді құрметтеуге шақырады. Құранда өзіӊ тоқ болып, көршіӊ аш отырса, сен мұсылман болып саналмайсыӊ делінген. Онда мұсылмандардыӊ ағымға, жікке бөлінбейтіні де айтылған. Нағыз мұсылман - ел-жұртқа, қоғамға, Отанына көмектесетін, барлық дінді бірдей көретін адам", - деді Мемлекет басшысы.

Астана. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы "Изірет Сұлтан" мешітінде болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы көпшілік алдында сөйлеген сөзінде барша қазақстандықтарды Құрбан айт мейрамымен құттықтады, сондай-ақ жиналған жамағатпен әӊгімелесті.

"Бүгін күллі әлемніӊ және Қазақстанныӊ мұсылмандары жарқын мереке - Құрбан айтты мерекелеп жатыр. Баршаӊыз білесіздер, 10 жылдан бері Құрбан айт пен Рождество демалыс күндері болып саналады. Бұл - ислам дініне де, христиан дініне де мемлекет қамқорлығыныӊ көрінісі", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарында қол жеткен табыстыӊ бәрі еліміздегі бірлік пен тыныштықтыӊ арқасы екенін атап өтті.

"Илемдегі әрбір дін бізді ынтымаққа, ізгілікке, бір-бірімізді құрметтеуге шақырады. Құранда өзіӊ тоқ болып, көршіӊ аш отырса, сен мұсылман болып саналмайсыӊ делінген. Онда мұсылмандардыӊ ағымға, жікке бөлінбейтіні де айтылған. Нағыз мұсылман - ел-жұртқа, қоғамға, Отанына көмектесетін, барлық дінді бірдей көретін адам", - деді Мемлекет басшысы.

Соӊында Қазақстан Президенті баршаны тағы да мерекемен құттықтап, бақ-береке және табыс тіледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны