06.06.2014, 23:03 2401

Н. Назарбаев пен А. Гүл екі ел ынтымақтастығының кеңеюін талқылады

Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдулла Гүль "Жаңа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасының бірқатар бағыты бойынша қарым-қатынасты кеңейту аспектілерін қарастырды.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшылары кездесу барысында қазақстандық-түркиялық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Абдулла Гүль "Жаңа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасының бірқатар бағыты бойынша қарым-қатынасты кеңейту аспектілерін қарастырды.

Қазақстан Президенті Түркия біздің елдің негізгі экономикалық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық және білім беру саласының одан әрі дамуын ерекше назарға алды.

Нұрсұлтан Назарбаев екі елде білім алып жатқан жастар санының көбеюі ынтымақтастық қарқынына оң әсер беретіндігін атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны