12.06.2014, 21:27 1211

Н. Назарбаев "Польфарма" бақылаушылар кеңесінің президентімен кездесті

Кездесу барысында компания қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ оның Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысуы сөз болды.

Алматы. 12 маусым. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің аясында "Польфарма" бақылаушылар кеңесінің президенті Ежи Старакпен кездесті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында компания қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ оның Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы жобаларды жүзеге асыруға қатысуы сөз болды.

Мемлекет басшысы елдегі денсаулық сақтау жүйесінің одан әрі дамуын қамтамасыз ету үшін фармацевтика саласында жоғары стандарттарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

"Польфарма" - Польшаның дәрілік препараттар мен белсенді фармацевтикалық заттар шығаратын ірі өндірушісі. 7,5 мыңға жуық адам жұмыс істейтін компания 600-ге жуық атаулы өнім шығарады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны