03.12.2013, 19:15 3551

Н. Назарбаев "Родина" агрофирмасы" ЖШС сүт зауытына барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында сүт зауытының өндірістік қуатымен және кәсіпорынның қызмет аясын одан әрі ұлғайту жоспарларымен танысты.

Алматы. 03 желтоқсан. Kazakhstan today. Н. Назарбаев "Родина" агрофирмасы" ЖШС сүт зауытына барды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында сүт зауытының өндірістік қуатымен және кәсіпорынның қызмет аясын одан әрі ұлғайту жоспарларымен танысты, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Жобаның негізгі мақсаты - қауіпсіз және бәсекеге қабілетті сүт өнімдерінің тиімді әрі заманауи өндірісін құру. Қайта өңдеуге жоғары өнімді шетелдік мал тұқымы негізінде өздері өндірген шикізат пайдаланылады", - делінген хабарламада.

Сүт зауыты индустриялық бағдарлама аясында 2011 жылы салынған. Инвестицияның жалпы құны - 762 млн. теңге. Қазіргі уақытта тәулігіне 25-30 тонна сүт өндіріледі.

Сондай-ақ, зауытты аралау барысында Ақмола облысының әкімі Қ.Айтмұхаметов Мемлекет басшысына Астананың айналасында "азық-түлік" белдеуін құру жобасының іске асырылуы туралы баяндады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны