29.04.2014, 19:12 7640

Н. Назарбаев "Сарыарқа" хоккей клубын құттықтады

Ақордадан хабарлағандай, Мемлекет басшысы Қарағанды клубының басшылығын, жаттықтырушылар штабы мен ойыншыларын зор жетістіктерімен құттықтап, бүкіл турнир бойындағы олардың жеңіске деген ұмтылысын және отандық спортты дамытуға қосқан үлестерін атап өтті.

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan today. Мемлекет басшысы "Братина Кубогы" Жоғары хоккей лигасының чемпионы атағын жеңіп алуына байланысты "Сарыарқа" хоккей клубына құттықтау жолдады.

Ақордадан хабарлағандай, Мемлекет басшысы Қарағанды клубының басшылығын, жаттықтырушылар штабы мен ойыншыларын зор жетістіктерімен құттықтап, бүкіл турнир бойындағы олардың жеңіске деген ұмтылысын және отандық спортты дамытуға қосқан үлестерін атап өтті.

Қазақстан Президенті клуб ұжымына зор денсаулық, жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны