11.06.2015, 17:05 3869

Н.Назарбаев: Съез декларациясы жер бетіндегі өмірлік маӊызы бар мәселелерге деген бірыӊғай көзқарасты танытты

Астана. 11 Маусым. Kazakhstan Today - Съезд декларациясы жер бетіндегі өмірлік-маӊызы бар мәселелерге деген бірыӊғай көзқарасты танытты, біз бір-бірімізге, бейбітшіліктіӊ ерекше маӊызды екендігіне, діндер, мемлекеттер мен халықтар арасындағы келісімге деген тағы бір қарышты қадам жасадық, деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ V съезініӊ аясындағы пленарлық мәжілісте, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ V съезі өзініӊ жұмысын аяқтағалы отыр. Съез делегаттары қонақжай қазақ жеріне келгенде өздерініӊ алдыларына қойған мақсаттарына жетті. Біз бір-бірімізге, бейбітшііліктіӊ ерекше маӊыздылығына деген, діндер, мемлекеттер мен халықтар арасындағы келісімге тағы бір қарышты қадам жасадық",-деді Нұрсұлтан Назарбаев, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Астанада өткен съездіӊ арқасында барлық тараптар бүкіл әлемдік қоғамдастықтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін ынтымақтастыққа мүдделі екендіктерін паш етті.

"Сондай-ақ съезде жер бетіндегі өмірлік-маӊызы бар мәселелерге деген бірыӊғай көзқарастар танытылған декларация келісіліп, қабылданды. Екі күн бойына Қазақстан астанасында түрлі тілдерде, түрлі дәстүрлерде, бейбітшілік, келісім, әділдік, кешірімділік пен жақындарына деген сүйіспеншілікке деген тілеу орындалды",-деді Мемлекет басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны