29.05.2015, 12:57 3562

Н.Назарбаев ТМД елдерiнiӊ үкімет басшыларымен кездестi

Бурабайда өтiп жатқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастастығы елдерi үкімет басшылары кеӊесінiӊ отырысына қатысқан Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев кеӊеске қатысушыларға жылы лебiзiн бiлдiрдi

Астана. 29 Мамыр. Kazakhstan Today - Бурабайда өтiп жатқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастастығы елдерi үкімет басшылары кеӊесінiӊ отырысына қатысқан Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев кеӊеске қатысушыларға жылы лебiзiн бiлдiрдi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бурабай Кеӊес одағы кезiнде белгiлi демалыс орны болды. Кезiнде Семенов-Тянь-Шанский бұл жерде 100 пайыз оттегi бар екенiн атап көрсеткен болатын. Егер атмосферада 21 пайыз оттегi және 79 пайыз азот болса, Бурабайда оттегi 100 пайызды құрайды. Қазiр Қазақстанда екi жерде казино рұқсат етiлген, соныӊ бiрi Бурабайда орналасқан. Бұл алғашқы кешен, оны әрi қарай дамытамыз. Бурабай қазақстандықтардыӊ сүйiктi орны, сондай-ақ өзге елдерден көптеген адамдар осы жерде демалады. Исiресе, Ресей, Батыс Сiбiрдiӊ көршi қалаларынан қонақтар көп келедi", - деп Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдерi үкiмет басшыларына жылы лебiзiн бiлдiрдi, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естерiӊiзге сала кетсек, Бурабайда Тәуелсiз мемлекеттер достастастығы елдерi үкімет басшылары кеӊесінiӊ шағын және кеӊейтiлген құрамдағы отырысы өттi.

Айта кетейiк, ТМД елдерi үкімет басшылары кеӊесінiӊ отырысында елдердiӊ экономикалық саладағы ынтымақтастығын белгiлейтiн 20-дан астам құжат қабылданды.

Сондай-ақ бүгiн түстен кейiн Еуразия үкiметаралық кеӊесiнiӊ отырысы өтедi.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны