09.09.2016, 10:59 3988

Н.Назарбаев З.Ғабидуллинаны Паралимпиада ойындарындағы жеӊісімен құттықтады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаға Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарындағы жеӊісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Зүлфия Ғабидуллинаға Рио-де-Жанейродағы Паралимпиада ойындарындағы жеӊісіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысы барша қазақстандықтар атынан З.Ғабидуллинаны суға жүзу сайысында жеӊіп алған алтын медалімен құттықтады.

"Сен ел тарихында Паралимпиада ойындарындағы тұӊғыш медальға қол жеткізіп, халқымыздыӊ мерейін арттырып, зор қуанышқа бөледіӊ. Халқыӊ сені Қазақстанныӊ атын әлемге әйгілі еткен мықты спортшы ретінде таниды. 100 метрге еркін стильмен жүзуден әлем рекордын жаӊартып, алтын жүлдеге қол жеткізген бүгінгі жеӊісіӊ соны тағы бір дәлелдеді. Бұл жеӊісіӊ жылдар бойғы қажырлы еӊбегіӊніӊ жемісі деп білемін, - делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті спортшыға зор денсаулық тілеп, келешекте жаӊа белестерді бағындыра беруіне ниеттестік білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны