21.02.2014, 19:32 5274

Н.Нығматулин Баку мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесті

Мәжіліс Спикері бірнеше жыл бұрын универиситетте ашылған Абай атындағы қазақ тілі, тарих және мәдениет орталығы тынысымен танысты. Бұл жерде студенттер барлық танымдық құралдарды пайдалана отырып, адамзат ғұламасы атанған Ұлы Абайдың шығармашылығымен танысады.

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan today. Изірбайжанда ресми сапармен жүрген Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Баку мемлекеттік университеті профессорлық- оқытушылық құраммен және студенттермен кездесті.

"Жүздесу барысында Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму болашағы, Елбасының Жолдауы, сондай-ақ, қазақстандық-әзірбайжандық ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері назарға алынды", - деп Мәжіліс аппаратында хабарлады.

Нұрлан Нығматулин Қазақстан үшін Изірбайжанмен қарым-қатынасты достық, татукөршілік және стратегиялық әріптестік деңгейінде дамыту Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтың сыртқы саясаттағы басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Парламент Мәжілісінің заң шығармашылық жұмысы да тілге тиек етіліп, әсіресе, Елбасы Жолдауын тиімді жүзеге асыруға бағытталған заң жобаларына назар аударылды.

Қос ел байланысының әлеуетіне тоқталған Мәжіліс Спикері мұнай-газ, өндірістік сектор, логистика, ауылшаруашылығы саласында өзара іс-қимылды жетілдіру керектігін алға тартты.

"Біздің бауырлас елдеріміздің сенімді және үдемелі дамуы екіжақты әріптестіктің табысты нығаюы мен біздің елдеріміз арасындағы өзара тиімді интеграцияға тың серпін беретін болады",- деді Нұрлан Нығматулин.

Жиналғандар Қазақстан Президентінің Жолдауына аса қызығушылық танытты.

"Қазақстан Президентінің Каспий аймағына қатысты мәселелердің барлығын қамтығаны өте маңызды. Меніңше, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсатына жетеді. Біз сіздердің елдеріңіздің жетістіктері үшін мақтанамыз және алдағы уақытта да игілік пен гүлдену тілейміз",-деп Г. Илиев атындағы "Изірбайжан - Қазақстан" республикалық достық қоғамының президенті Эльдар ағынан жарылды.

Одан әрі Мәжіліс Спикері бірнеше жыл бұрын универиситетте ашылған Абай атындағы қазақ тілі, тарих және мәдениет орталығы тынысымен танысты. Бұл жерде студенттер барлық танымдық құралдарды пайдалана отырып, адамзат ғұламасы атанған Ұлы Абайдың шығармашылығымен танысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны