10.09.2018, 21:05 4393

Н.Нығматулин Беларусь елшісін дипломатиялық миссиясыныӊ аяқталуына байланысты қабылдады

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Беларусь Республикасыныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты дипломатиялық миссиясыныӊ аяқталуына байланысты қабылдады.

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Беларусь Республикасыныӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты дипломатиялық миссиясыныӊ аяқталуына байланысты қабылдады.

Ширек ғасыр ішінде, біздіӊ елдеріміз арасында қарқынды саяси үнқатысу ментереӊ экономикалық байланыстар орнап, өзара іс-қимыл жан-жақты өнімді дамып келеді. Н.Нығматулин атап өткендей, бұл екі ел Президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александар Лукашенконыӊ өзара түсіністік пен достық ниетке негізделген бірлескен тиімді еӊбегініӊ нәтижесі.



Мәжіліс Төрағасы Беларусь мемлекеті Қазақстанныӊ маӊызды стратегиялық әріптесі екенін алға тарта келіп, Анатолий Ничкасовтыӊ екі ел арасындағы іс-қимылды дамытуға айрықша үлес қосқандығына тоқталды. Бүгінде өзара ықпалдастық және парламентаралық әріптестік жыл сайын жаӊа биіктерді бағындырып келеді.

Өткен бес жыл ішінде, екіжақты байланысты тереӊдету жолында барлық деӊгейде белсенді жұмыстар атқарылғанын айта келіп, Палата Спикері елеулі еӊбегі үшін елшіге алғыс білдірді.

Өз кезегінде Анатолий Ничкасов біздіӊ елде еӊбек еткен жылдар қызмет жолындағы еӊ жемісті кезеӊніӊ бірі болғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны