17.05.2018, 00:04 5462

Н. Нығматулин: Дәрілер бағасын заӊ деӊгейінде реттеу - тікелей Елбасыныӊ тапсырмасы

Себебі, бұл заӊ жобасыныӊ әлеуметтік маӊызы өте зор. Баршаӊыз жақсы білесіздер, дәрілер бағасын заӊ деӊгейінде реттеу - ол - тікелей Елбасымыздыӊ тапсырмасы. Сондықтан, бұл заӊ күшіне енген кезде, дәрілердіӊ қолжетімді болуына және бағаныӊ да тұрақты болуына жаӊа серпін беруге тиіс. Сол үшін екінші оқылымға дейін тағы да жан-жақты қарап, осы талапқа сай заӊ дайындауымыз керек,-деді.

Астана. 16 мамыр Kazakhstan Today - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен өткен бүгінгі жалпы отырыста депутаттар дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардыӊ айналысы мәселелеріне қатысты заӊ жобасын талқылады.

Мәжіліс Төрағасы бұл құжат қазақстандықтарды қолжетімді бағамен және сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілермен қамтамасыз етуге бағытталған аса маӊызды құжат екенін айтты. Осы орайда Мәжіліс Спикері:

- Бүгін біз өте маӊызды және өте қажетті заӊ жобасын мақұлдадық. Себебі, бұл заӊ жобасыныӊ әлеуметтік маӊызы өте зор. Баршаӊыз жақсы білесіздер, дәрілер бағасын заӊ деӊгейінде реттеу - ол - тікелей Елбасымыздыӊ тапсырмасы. Сондықтан, бұл заӊ күшіне енген кезде, дәрілердіӊ қолжетімді болуына және бағаныӊ да тұрақты болуына жаӊа серпін беруге тиіс. Сол үшін екінші оқылымға дейін тағы да жан-жақты қарап, осы талапқа сай заӊ дайындауымыз керек,-деді.

Заӊ жобасында алдағы жылдан бастап, дәрілік заттардыӊ шекті бағаларын бекіту арқылы барлық дәрілік заттар бағаларын реттеу басқа да мақсаттар көзделіп отыр.

Айта кетейік, осы мәселе бойынша депутаттық корпус біршама жұмыстар атқарды. Мәселен, тақырып төӊірегінде комитеттіӊ, жұмыс топтарыныӊ арнайы отырыстары өтіп, дәрілік қамтамасыз ету бойынша парламенттік тыӊдау өтті.

Онда айтылған ұсыныс, пікірлердіӊ барлығы заӊ жобасын дайындау барысында ескерілген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны