01.02.2017, 15:29 5100

Н. Нығматулин: Елбасы Жолдауы Қазақстанымыздыӊ даму тарихындағы жаӊа кезеӊді бастады

Осыған байланысты ертеӊнен бастап Мәжіліс депутаттары барлық аймақтарды аралап, халықпен кездесуге шығады.

Астана. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин Палатаныӊ бүгінгі жалпы отырысын Елбасыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан Халқына арнаған Жолдауынан бастады,- деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі.

Жолдаудыӊ кеше ғана барлық ақпарат құралдарында жарық көргенін алға тартқан, Н. Нығматулин:

-Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ Жолдауы - еліміздіӊ тарихи белесін бастаған өте маӊызды құжат. Онда Елбасымыз Қазақстан дамуыныӊ жаӊа бағыттарын белгілеп берді.

Осы кезеӊде әсіресе, ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көӊіл бөлінді. Бұл еӊ алдымен халықтыӊ әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етеді,-деді.

Спикер атап өткендей, Жолдау заӊ шығару органыныӊ алдағы нақты мақсаттарын көрсетумен қатар, "100 нақты қадам" Ұлт Жоспары аясында "Қазақстан-2050" Стратегиясын нәтижелі жүзеге асыру үшін барша қазақстандықтарды бір мақсатқа біріктіретін қуатты күшке ие.

Депутаттық корпустыӊ алдында тұрған ендігі басты міндет - маӊызды құжатты еліміздіӊ әрбір азаматына, әрбір отбасына жеткізіп, түсіндіру. Кеӊ көлемде насихат жұмыстарын қолға алу.

Осыған байланысты ертеӊнен бастап Мәжіліс депутаттары барлық аймақтарды аралап, халықпен кездесуге шығады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны