02.12.2018, 14:16 5203

Н. Нығматулин Италия парламенті өкілімен кездесті

Нұрлан Нығматулин Астанада өткен "Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік пен бейбітшілік орталығы" халықаралық конференциясына келген Италия Республикасы парламентініӊ депутаттар палатасы төрағасыныӊ орынбасары Этторе Розатомен кездесті.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today - 27 қарашада Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Астанада өткен "Астана - жаһандық интеграция, қауіпсіздік пен бейбітшілік орталығы" халықаралық конференциясына келген Италия Республикасы парламентініӊ депутаттар палатасы төрағасыныӊ орынбасары Этторе Розатомен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайтудыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Кездесу барысында Мәжіліс спикері Елбасыныӊ ғаламдық маӊызды қадамдары жайлы баяндай келіп, Қазақстан Италияныӊ маӊызды стратегиялық әріптестерініӊ бірі ретінде қарап, екі ел арасындағы байланысты дамытуға айрықша көӊіл бөлетінін атап өтті.

Н. Нығматулинніӊ пікірінше, дипломатиялық қатынас орнаған 25 жыл ішінде мемлекеттер арасында қарқынды саяси диалог орнап, экономикалық байланыстар тереӊдеп, өзара іс-қимыл жан-жақты белсенді дамып келеді.

Соныӊ ішінде, парламентаралық әріптестік елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты тереӊдетуде маӊызды рөл атқаратынын атап өткен палата спикері екі елдіӊ заӊ шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты арттырудыӊ маӊыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Этторе Розато Италия біздіӊ елімізбен ықпалдастықты күшейтуге зор мән беретінін айта келіп, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ ядролық қаруға қарсы бастамаларыныӊ арқасында Қазақстан мемлекеті халықтар арасында бейбітшілік пен келісім идеяларын таратуда ерекше орын алатынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны