23.01.2017, 21:12 4532

Н.Нығматулин Канада елінен келген парламенттік делегация өкілдерімен кездесті

Биыл Канада елініӊ 150-жылдық мерейтойы. Иріптестерін осы айтулы датамен құттықтаған Мәжіліс Төрағасы Канада халқына игілік пен гүлдену және табыс тілеген ізгі сәлемін жолдады.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Астанада 20 қаӊтарда Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Канада Парламенті Қауымдастықтар Палатасыныӊ сыртқы істер және халықаралық даму комитеті төрағасы Роберт Нолт бастаған парламенттік делегация өкілдерімен кездесті,- деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі.

Н. Нығматулин атап өткендей, бұл сапар Қазақстан Канаданыӊ маӊызды әріптестерініӊ бірі екендігініӊ жарқын көрсеткіші.

Биыл Канада елініӊ 150-жылдық мерейтойы. Иріптестерін осы айтулы датамен құттықтаған Мәжіліс Төрағасы Канада халқына игілік пен гүлдену және табыс тілеген ізгі сәлемін жолдады.

Биыл қос мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толды. Н. Нығматулинніӊ пікірінше, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Канада Премьер-Министрі Джастин Трюдоныӊ былтыр Қытайда өткен "G20" Саммитінде кездесуі екіжақты саяси үнқатысу үшін маӊызды орын алып отыр. Тараптар уран, мұнай-газ, ауылшаруашылығы, сондай-ақ, білім және туризм салаларына басымдық бере отырып, казақстандық-канадалық қарым-қатынасты дамытудыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Мәжіліс Спикері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі Қазақстанныӊ тұжырымдамалық көзқарасы" атты БҰҰ Қауіпсіздік кеӊесіне арнаған саяси үндеуіне айрықша назар аударды.

Бұл ядролық қарусыз әлемді жақындату, жаһандық соғыс қатерін болдырмау, Ауғанстандағы бейбітшілікке ықпалдасу, Орталық Азияда бейбітшіліктіӊ өӊірлік аймағын қалыптастыру, БҰҰ қамқорлығымен Жаһандық лаӊкестікке қарсы коалиция құру. Өз сөзінде Н. Нығматулин:

- Біз Канадамен үнемі пікір алмасу, түрлі халықаралық құрылымдарда күштерімізді үйлестіру, бастамалар мен позицияларымызды өзара қолдау жолымен халықаралық аренадағы іс-қимылымызды нығайтатын боламыз,-деді.

Өз кезегінде мейман Қазақстанныӊ қазіргі даму деӊгейін жоғары бағалай келіп: - Тәуелсіздік алған 25 жыл ішінде Қазақстан құқық үстемдігі, плюрализм, мемлекеттік қызметті реформалаумен қатар, көптеген маӊызды бағдарламаларды жүзеге асырды. Бір әрқашанда Қазақстанды қолдаймыз,-деді.

Тараптар парламентаралық байланысты тереӊдету жайына да ерекше көӊіл бөлді.

Кездесу соӊында Мәжіліс Төрағасы канадалық әріптесіне біздіӊ елімізге ресми сапармен келу туралы шақыру жолдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны