13.06.2018, 18:48 4271

Н. Нығматулин: Мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруге тағы бір қадам жасалды

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, еӊ бастысы - заӊ жобасы мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудіӊ нақты белгіленген ережелерін бекітеді. Нәтижесінде бұл мәселеде бүгінге дейін орын алып келген жүйесіздікке, ретсіздікке жол берілмейді.

Астана. 13 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заӊ жобасы азаматтардыӊ өзін-өзі реттеуді дамыту арқылы шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктерін кеӊейтуге, мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге бағытталған.

Заӊ жобасы "Ұлт жоспары - 100 нақты қадамныӊ" 97-қадамын іске асыру мақсатын көздейді.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы: - біз Елбасымыздыӊ Ұлт Жоспарын орындау жолында тағы бір маӊызды қадам жасадық деуге болады. Президентіміз айтқандай, еліміздіӊ дамуы - бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруді талап етеді. Оныӊ басты мақсаты - мемлекеттік органдардыӊ уақытын үнемдеп, жұмыс сапасын күшейту. Осы орайда, бүгін мақұлданған заӊ жобасыныӊ орны да ерекше, рөлі де өте зор,-деді.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, еӊ бастысы - заӊ жобасы мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға берудіӊ нақты белгіленген ережелерін бекітеді. Нәтижесінде бұл мәселеде бүгінге дейін орын алып келген жүйесіздікке, ретсіздікке жол берілмейді.

Айта кетейік, осы заӊ жобасы арқылы 3 кодекске және 4 заӊға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі деп күтілуде, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратыныӊ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны