29.03.2018, 17:51 6436

Н. Нығматулин Польша елшісін қабылдады

Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Польша Республикасыныӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевичті қабылдады

Астана. 29 наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Польша Республикасыныӊ Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевичті қабылдады.

Кездесу барысында Н.Нығматулин Қазақстан-Польша қарым-қатынастарыныӊ нығайып, оныӊ дамуына қуатты серпін берген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Польша Президенті Анджей Дудадыӊ өзара сапарлары екенін атап өтті.

Мәжіліс Төрағасыныӊ пікірінше Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеӊейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы Келісімніӊ шеӊберінде және біздіӊ елдіӊ Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы екіжақты ынтымақтастықтыӊ зор мүмкіндіктерін ашуда. Сондай-ақ, Н.Нығматулин Орталық Азия мен Қытай нарығына қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Астана аймақтағы Варшаваныӊ негізгі серіктесі болып табылатынын айтты.

Өз кезегінде Селим Хазбиевич Қазақстан мен Польша арасындағы саяси, дипломатиялық және экономикалық қатынастардыӊ деӊгейіне жоғары баға берді.

Тараптар басты бағыттардыӊ арасында көлік саласы, көмірді өӊдеу менауаны ластамайтын "таза технологиялар" және білім беру саласына тоқталды.

Кездесу барысында Н.Нығматулин мен С. Хазбиевич халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.Мәжіліс Төрағасы дипломатты 2018-2019 жылдарға арналған БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі ретінде Польша жұмысыныӊ басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Польшаныӊ президенттері атап өткен Қауіпсіздік Кеӊесініӊ бірлескен жұмысыныӊ аясында ынтымақтастық туралы ұстанымдардыӊ ұқсастығын атап өтті. Исіресе, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, халықаралық лаӊкестік пен зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелеріне назар аударды.Осыған байланысты, БҰҰ алаӊында ортақ мүдделерді ілгерілетудегі ынтымақтастықты нығайту ниетін растады.

Екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға Нұрлан Нығматулин мен Селим Хазбиевич ортақ мүддені ілгерілетуде парламентаралық белсенді диалогты нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы дипломатқаосы жылдағы Польша елі үшін ерекше күндер болып саналатын Польша тәуелсіздігініӊ 100 жылдығы және Еуропадағы ескі қос палаталы парламенттіӊ бірі -Жалпы сеймныӊ алғашқы отырысыныӊ 550 жылдығын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны