24.04.2018, 14:21 4454

Н.Нығматулин Ресейдіӊ Қазақстандағы елшісі А. Бородавкинді қабылдады

Тараптар екіжақты, соныӊ ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today -Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ресейдіӊ Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Тараптар екіжақты, соныӊ ішінде, парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудыӊ өзекті сұрақтарын талқылады.

Н. Нығматулин атап өткендей, Ресей Қазақстанныӊ стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Өткен жылы қос мемлекет арасында дипломатиялық қатынастыӊ орнағанына 25 жыл толды.

Мәжіліс Төрағасыныӊ пікірінше, Қазақстан мен Ресей Президенттерініӊ тереӊ түсіністік пен достыққа негізделген салиқалы саясаттарыныӊ арқасында біздіӊ елдеріміз өзара әріптестіктіӊ жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізді.

Маӊызды бағыттар қатарында Н. Нығматулин аймақаралық және шекаралаық ынтымақтасты, Еуразиялық кеӊістікте интеграциялық бірлесітктер аясында өзара іс-қимылды атады.

Өз кезегінде А. Бородавкин Қазақстанмен достық қатынасты дамыту зор маӊызға ие екенін алға тартып, екі ел арасындағы ауқымды жетістіктерге тоқталды.

Екі елдіӊ Парламент өкілдері ТМД ПАА аясында ұлттық заӊнамаларды үйлестіру бойынша табысты еӊбек етіп, ЕурАзЭО заӊнамалық базасын қалыптастыруда бірлесе белсенді жұмыс істеуде.

Мәжіліс Төрағасы елшіні жаӊа қызметке тағайындалуымен құттықтай келіп, А. Бородавкинніӊ дипломатиялық жұмыстағы мол тәжірибесі біздіӊ елдеріміз арасындағы байланысты жан-жақты тереӊдетуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны