03.04.2018, 15:03 4291

Н.Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесті

Президенттік бес әлеуметтік бастамаға кеӊінен тоқталған Палата Спикері олардыӊ барлығы отандық экономиканыӊ нақты есебі жасалған мүмкіндіктері бойынша қарастырылғанын атап өтті

Астана. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында бірқатар кәсіпорындарды аралап, еӊбек ұжымдарымен кездесті. Мәжіліс Спикері өӊірдегі еӊ көне әрі еӊ ірі кәсіпорынныӊ бірі Киров атындағы зауытта болып, оныӊ "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында қолға алынған жаӊа жұмыс бағытымен танысты. Еӊбек ұжымымен жүздесу барысында Н. Нығматулин өндірісті жаӊғырту маӊыздылығын алға тарта келіп, Елбасы ұсынған әлеуметтік бастамаларға айрықша назар аударды. Тұрғындар алдында баспаналы болудыӊ, салықты азайтып, жалақыны көбейтудіӊ, жаӊа табыс көзін ашудыӊ мүмкіндіктері турасында жан-жақты баяндады. Сапалы білім жайын сөз еткенде Мәжіліс Төрағасы:

- Жоғары білімніӊ сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатындақазір жыл сайын бөлінетін 54 мыӊ грантқа қосымша тағы 20 мыӊ грант бөлінеді. Оныӊ көбі техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге арналады. Бұл жоғары білім алудыӊ қолжетімділігін арттырумен қатар, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында сұранысқа ие болатын жаӊа мамандарды даярлауға жол ашады. Сонымен бірге, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін оӊтайлы шешетін болады,-деді.

Президенттік бес әлеуметтік бастамаға кеӊінен тоқталған Палата Спикері олардыӊ барлығы отандық экономиканыӊ нақты есебі жасалған мүмкіндіктері бойынша қарастырылғанын атап өтті.

- Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша Үкімет арнайы Жол картасын жасады. Бұл Президентіміздіӊ бастамаларын жүзеге асырудыӊ нақты, жоспарлы қадамдары. Оған сәйкес, орындау тетіктері мен мерзімі белгіленіп, жауапты министрліктер мен құрылымдар бекітілген , - деп атап өтті Н.Нығматулин.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы қазірдіӊ өзінде Парламенттеәлеуметтік жаӊғырту ауқымды бағдарламасын заӊдық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары басталғанына тоқталды.

- Президенттік бес әлеуметтік бастамалардыӊ сапалы құқықтық-нормативтік базасын құру Парламент депутаттарыныӊ осы сессиядағы жұмысыныӊ негізгі басымдығы болып табылады,- деді Палата Төрағасы.

Мәжіліс Төрағасыныӊ пікірінше, Парламент 15 шақты Заӊдарға өзгерістер енгізбек. Олардыӊ қатарында Азаматтық, Бюджеттік, Салық кодекстері, білім турасында, банк және төлемдер туралы заӊнамалық құжаттар бар.

Сонымен бірге, 2019-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарап, ағымдағы бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Кездесу барысында ұжым қызметкерлері Елбасыныӊ әлеуметтік бастамалары жаӊа серпін бергенін және зор сенім артып отырғандарын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны