Система Orphus

Н. Нығматулин ливандық парламентшілерді Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне шақырды

13.05.2019, 15:55 5779

Нұр-Сұлтан. 13 мамыр. Kazakhstan Today - 13 мамырда Мәжілісте палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ливан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Жискар Эл Хуриді қабылдады.

Тараптар екіжақты, соның ішінде, парламентаралық қарым-қатынасты дамытудың өзекті сұрақтарын талқылады. Мәжіліс Спикері атап өткендей, Ливан - Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды әріптесі. Екі ел арасындағы байланыс сындарлы және өзара түсіністік деңгейінде дамып келеді.

Әңгіме барысында бейбітшілік және қауіпсіздік мәселесіне айрықша назар аударылды. Нұрлан Нығматулин Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған бейбіт өмір басымдықтарын атай келіп, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі үлесіне де айрықша тоқталды.

Кездесу кезінде қос мемлекет Парламенттері арасындағы әріптестікті нығайту мәселесі де әңгімеге арқау болды. Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Нұр-Сұлтан қаласында "Үлкен Еуразия. Диалог. Сенім. Әріптестік" тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне Ливан Ұлттық Ассамблеясы делегациясы өкілдерінің қатысуы, сондай-ақ, ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер деңгейінде тәжірибе алмасу парламентаралық ықпалдастықтың нығаюына оң әсерін тигізбек.

Өз кезегінде елші екі ел арасындағы байланыс жоғары деңгейде екенін және оны одан әрі тереңдетуге дайын екендігін жеткізді. Жискар Эл Хуридің айтуынша, Ливан Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту және бітімгерлік бастамаларын жоғары бағалайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны