12.09.2019, 13:50 4094

Нұр-Сұлтанда алғаш рет UNWTO-ның қалалық туризм мәселелері бойынша саммиті өтті

Саммит барысында ұйымдастырған панельдік сессиялар, "дөңгелек үстел" кезінде туристік ағынның біркелкі таралмауы, білікті мамандардың тапшылығы, миграция, жұмыссыздық пен қауіпсіздік сынды өзекті мәселелер талқыланды. Шараға әлемнің 30 елінен 700 делегат келді.

Нұр-Сұлтан. 12 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда алғаш рет UNWTO-ның қалалық туризм мәселелері бойынша саммиті өтті.

2019 жылдың 9-11 қазаны аралығында Тәуелсіздік сарайында VIII "Ақылды қалалар-ақылды дестинациялар" атты жаһандық қалалық туризм мәселелері бойынша саммиті өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен БҰҰ- UNWTO Дүниежүзілік Туристік ұйымы ұйымдастырып жатқан шарада қаланы басқару, жаңа инновациялар мен технологиялар, сондай-ақ туризм саласын тұрақты әрі инклюзивті қалаларды дамытуға септігін тигізе алатын құрал ретінде қала өміріне кеңінен енгізу жолдары қарастырылды.
Саммит барысында ұйымдастырған панельдік сессиялар, "дөңгелек үстел" кезінде туристік ағынның біркелкі таралмауы, білікті мамандардың тапшылығы, миграция, жұмыссыздық пен қауіпсіздік сынды өзекті мәселелер талқыланды. Шараға әлемнің 30 елінен 700 делегат келді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны