14.02.2020, 17:47 6851

Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының 5-отырысы өткізілді

Бұл отырыс Катар мемлекетінің әмірі шейх Тамим бен Хамад Аль-Танидің Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 10-11 наурыздағы мемлекеттік сапары қарсаңында өткізілді.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының 5-отырысы өткізілді.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының жоғары деңгейдегі бесінші отырысы өткізілді.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, катарлық тарапты Катар мемлекетінің Сауда және индустрия министрі Али бен Ахмед Аль-Кувари басқарды.

Баяндамашылар ынтымақтастық жоспарын кеңейту, инвестиция тарту, жер қойнауы мен табиғи ресурстарды пайдалану, әлеуметтік нысандар салу және сыртқы экономикалық қазақстандық-катарлық байланыс әлеуеті мәселелеріне тоқталды.

"Біз Катар мемлекетіне Таяу Шығыстағы маңызды әріптесіміздің бірі ретінде қараймыз. Жалпы, біздің мемлекеттеріміз дипломатиялық байланыстың 27 жылы ішінде өзара сенімге құрылған сындарлы диалог орнатып отыр. Қазақстан үшін Катар - уақытпен сыналған дос әрі сенімді әріптес", - деді Дәленов.

Іс-шарадан соң, Катар өкілдері катарлық тараптың екі ел бизнесмендерінің тығыз байланысын орнатуға мүдделі екенін және бүгінгі отырыс екі мемлекеттің іскерлік ортасын жақындастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Бұл отырыс Катар мемлекетінің әмірі шейх Тамим бен Хамад Аль-Танидің Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 10-11 наурыздағы мемлекеттік сапары қарсаңында өткізілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны