14.09.2022, 14:44 2636

Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтуде

Ауқымды іс-шараның негізгі тақырыбы "Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі" болып табылады.
Нұр-Сұлтанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтуде
Сурет: Хабар 24 телеарнасындағы бейнеден скриншот
НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі ашылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 
Тәуелсіздік сарайында сағат 10.00-де съездің ресми ашылу рәсімі басталды. Іс-шара барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйледі.
 
Естеріңізге сала кетейік, съезд 2022 жылғы 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтуде. Оның жұмысына әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысуда.
 
Ауқымды іс-шараның негізгі тақырыбы "Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі" болып табылады.
 

Съезд форматы діни лидерлердің түрлі форматты кездесулерін, съездің салтанатты ашылуы мен жабылуында пленарлық отырыстарды; төрт секциялық отырыстарды; ҚР Президентінің, съезд хатшылығы басшысының делегация басшыларымен және беделді қатысушылармен екіжақты кездесулерін өткізуді көздейді", - деп хабарлады ұйымдастырушылар.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны