15.01.2021, 15:58 10807

Нұр-Сұлтанда жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясы басталды

Нұр-Сұлтан. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Нұр-Сұлтанда жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының отырысын ашты.
 
Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауы өтті. 12 қаңтарда ОСК парламенттік сайлаудың қорытындыларын жариялады. 7 пайыздық кедергіні үш саяси партия: Қазақстанның Халық партиясы, Nur Otan партиясы және Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы еңсерді. 


Заңға сәйкес, Мәжіліс депутаттарын сайлағаннан кейін Үкімет заң бойынша өкілеттігін доғаруы керек. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне өз міндеттерін атқаруға қаулы етті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны