17.02.2020, 18:09 4328

Нұрлан Ермекбаев Талдықорған және Алматы гарнизондарына жұмыс сапарымен барды

Талдықорғанда әуебазасында министрге Су-30СМ жаңа көпфункционалды жойғыш ұшқыштардың, сондай-ақ "Арлан" көп мақсатты брондалған доңғалақ машинасының тактикалық-техникалық мүмкіндіктері көрсетілді.

Алматы. 17 ақпан. Kazakhstan Today - Нұрлан Ермекбаев Талдықорған және Алматы гарнизондарына жұмыс сапарымен барды.

Талдықорған және Алматы гарнизондарының әскери қызметшілері жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығының жоғары деңгейін көрсетті.

Жұмыс сапары барысында қорғаныс ведомствосының басшысы Талдықорған және Алматы гарнизондарының әскери бөлімдері мен мекемелерінің жұмысын тексерді. Ол десанттық-шабуыл бригадасы мен арнайы мақсаттағы бөлімге барды. Материалдық-техникалық базаның жағдайын тексеріп, жауынгерлік техниканы сынауға қатысты.

Талдықорғанда әуебазасында министрге Су-30СМ жаңа көпфункционалды жойғыш ұшқыштардың, сондай-ақ "Арлан" көп мақсатты брондалған доңғалақ машинасының тактикалық-техникалық мүмкіндіктері көрсетілді.

Мамандандырылған бөлімдердің бірінің командирі жедел және жауынгерлік даярлық іс-шараларын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады.

Тексеру қорытындысы бойынша Нұрлан Ермекбаев гарнизон әскери қызметшілерінің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығына жоғары баға берді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны