24.03.2019, 14:48 4238

Нұрлан Нығматулин Қатар мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ахмед бен Әли Әл - Тәмимимен кездесті

Өз кезегінде Ахмед бен Әли Әл-Тамими мырза, Қатар Әмірі екі ел арасындағы қатынасты дамытуға әрқашанда ынталы екенін жеткізді.

Нұр-Сұлтан. 24 наурыз. Kazakhstan Today - 14 наурызда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қатар мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ахмед бен Әли Әл - Тәмимимен кездесті. Қос тараптың алғашқы кездесуінде елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызды мәселелері талқыланды. Н. Нығматулин Қатар Қазақстанның маңызды серіктесі екенін айта келіп, әріптестікті одан әрі белсенді түрде тереңдету қажеттілігіне тоқталды. Екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 26 жыл ішінде, Қазақстан мен Қатар көп бағытты әріптестікті нығайтуда жоғары табыстарға қол жеткізді.

Тараптардың айтуынша, ол екі мемлекет басшыларының өзара түсіністік пен достық ниетке негізделген тиімді жұмыстарының нәтижесі .

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Қазақстан мен Қатардың сауда-экономикалық әлеуеті өте зор. Осыған орай, Н. Нығматулин Қатар кәсіпкерлерін Қазақстандағы қаржы саласы, ауыл шаруашылығы, көлік-логистикалық, туристік инфақұрылымдарды дамыту бойынша инвестициялық жобаларға қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Ахмед бен Әли Әл-Тамими мырза, Қатар Әмірі екі ел арасындағы қатынасты дамытуға әрқашанда ынталы екенін жеткізді. Сондай-ақ, Қатар мемлекеті саяси, экономикалық басқа да бағыттарда қолдау көрсете отырып, қос мемлекетке тиімді жобалардың барлығына қатысуға дайын екендігін білдірді.

Одан әрі кездесу иелері халықаралық және парламентаралық ынтымақтастық жайын сөз етті. Палата спикері екіжақты қарым-қатынасты нығайтуда парламентаралық ықпалдастықтың рөлі зор екенін айтып ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер арқылы өзара сапарлар практикасын енгізу қажеттігін, ол заңнама саласында жан-жақты тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретініне тоқталды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны